Ғұмырын ғылыммен ұштастырған нәзік жандылар

Қай заманда да қазақ қызы – ұлтының намысы, тіршіліктің тұтқасы болған. Ал
қазақ әйелдерінің ғылым мен білімге ұмтылуы ХХ ғасырдың басында басталды.
Ғылымға ұмтылған тұңғыш қазақ қыздары Гүлсім Асфендиярова мен Нәзипа
Құлжанова еді. Сол ғылымдағы қазақ қыздарының ізін жалғап, бір қолымен бесігін
тербетсе, екінші қолына қалам ұстап жүрген ғылым саласындағы нәзік
жандылардың қатары жыл санап артуда.
Жыл сайын 11 ақпанда Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні
мерекеленеді.
Бұл да қоғамдағы әйел-ғалымдарды қолдап, насихаттауға бағытталған зор
мүмкіндік.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен айналысатын әйелдердің үлесі 69% құрайды, ал қаржыландырылатын
ғылыми жобаларға қатысатын әйелдердің үлесі 81% — ға жетеді. Олардың ғылыми-
зерттеу қызметінің негізгі бағыттары – ғылыми жобаларды, коммерцияландыру
жобаларын басқару және іске асыру, ғылыми еңбектерді жариялау, ғылым
магистрлері мен PhD докторларын даярлау.

Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Бахтаулова Алефтина Сембайқызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде
ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметінде ғылыми-зерттеу жұмысын
ұйымдастыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басшылық етеді.
Оның жетекшілігімен «Сиверс алмасының жылдық өркенінің сәулелі паренхимасының
құрылысының жасыл қалемшелеудегі тамыртүзу қабілеттілігін анықтау» ҚР БҒМ
гранттық қаржыландыру жобасы, ҚР АШМ ғылыми жобалары, «Жетісу Алатауының
сирек кездесетін жабайы жеміс түрлерінің көшеттерін вегетативті көбею жолымен
өндіру» коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобасы орындалды.

«ЖОО үздік оқытушысы-2018» байқауының жеңімпазы, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл»,
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және «Қазақстан
Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен
марапатталған.

Алефтина Сембайқызы 100-ден астам ғылыми мақалалар, оқу, оқу-әдістемелік
құралдар, патенттердің авторы, оның ішінде: Scopus және Web of Science базаларында
20 мақала жариялаған.

Байғабатова Назгүл Қажымұратқызы – тарих ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор (доцент), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
ғалым хатшысы.
30 жылдай жоғары білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Ғылыми және
оқытушылық қызметті сәтті үйлестіреді. 100-ден астам ғылыми жарияланымдары бар,
оның ішінде – 7 Scopus Web of Science базасына кіретін рецензияланатын халықаралық
журналдарда жарияланған, бірлесіп жазған монографиялары – 5; жеке жазылған
монография – 2, оқу – әдістемелік құралдары – 3; ҒЖБССҚК – 15.

Жетісудың тарихын, археологиясы мен этнографиясын, сондай-ақ Моңғолия мен
Қытайдың қазақ диаспорасын зерттеуге зор үлес қосты. Көптеген республикалық және
халықаралық кешенді ғылыми экспедициялардың мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының
иегері.

Әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында ғылыми
тағылымдамадан өткен: Цюрих университетінің Әлеуметтік және мәдени антропология
департаменті (Цюрих қ., Швейцария), Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және
антропология институты (Мәскеу қ., РФ); Макс Планк атындағы Әлеуметтік
антропология институты (Халле қ., Германия).

Орталық Азияны зерттеу Еуропалық қоғамының (ESCAS) мүшесі; Қазақстан
тарихшылары қауымдастығының мүшесі; Алматы облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық
тобының мүшесі.

Көптеген жылдар бойы сараптамалық қызметті жүзеге асырады – «Білім берудегі
сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі» (IQAA); «Ұлттық мемлекеттік
ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ.

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Кыяхметова Шара Әсетқызы 1993 жылдан бері І.Жансүгіров атындағы Жетісу
униврситетінде еңбек етіп келеді.
100-ден астам ғылыми мақаланың, «Ілияс Жансүгіровтің рухани әлемі»,
«Жетісудың әдеби шежіресі» атты монографиялардың және «Жетісу әдебиеті», «Өлең
өрімі», «Тест тапсырмалары», «Қазақ лирикасы», «Ілияс Жансүгіров шығармаларын
жаңаша оқыту» оқу құралдарының, «Ілиястану», «Алаш дәуірі әдебиеті»
оқулықтарының авторы. «Ақынның қызыр ие жолдасы бар», «Аңызға бергісіз ғұмыр»,
«Дария кеуде тау мүсін», «Ілияс тағылымы», «Ілиястану ілімдері», атты жинақтардың,
«Ілияс Жансүгіров» библиографиялық көрсеткішінің, «Ілияс Жансүгіров»
энциклопедиясының құрастырушысы.

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар
бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы аясында «Гуманитарлық ғылымдар даму
процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» атты жобаның
жетекшісі.

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ілияс
Жансүгіров», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері. «ЖОО Үздік оқытушысы —
2023» республикалық байқаудың жеңімпазы.

Сеитова Сабыркүл Мақашқызы — көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде
физика–математика бағыты бойынша білім беру бағдарламасы құрамында 40 жылдан
астам уақыт қызмет істеп келеді.
Осы жылдары Румындық «СИВЕКО» компаниясымен бірлесіп «Орта және
техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу»
мемлекеттік бағдарламасының, «Математика» пәні бойынша сандық білім беру
ресурстарын әзірлеу бойынша авторлық ұжымның мүшесі болып, «Орта жалпы білім
беретін мектептер мен ЖОО-да математиканы оқытуда нейролингвистикалық
бағдарламалау технологиясын қолдану» атты жобаның жетекшісі ретінде іргелі зерттеу
жұмыстарын жүргізген.

Қазіргі уақытта Сеитова С.М. — ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалып жатқан жоба
орындаушысы және «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесі.

Бүгінгі күнге дейін Сабыркүл Мақашқызының жетекшілігімен үш педагогика
ғылымдарының кандидаты, төрт философия докторы (Phd) дайындалып, 20-дан астам
магистрант диссертацияларын қорғады. Қазіргі кезде төрт докторант ғылыми-зерттеу
жұмыстарын орындауда.

Профессор С.М.Сеитова 250-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, оқу
құралдарының авторы, оның ішінде 9 Scopus деректер базасындағы журналдарда жарияланған (H-index 4) .

Майлыбаева Гүлмира Сабырқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты,
PhD философия докторы, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру
бағдарламасының оқытушы-лекторы.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі ғылыми-педагогикалық
өтілі – 35 жыл. Еңбек жолында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: оқытушы, аға
оқытушы, аға ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессордың м.а., деканның
ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.

Ол 400 — ге жуық ғылыми еңбектердің, оның ішінде ҒЖБССҚК басылымдарында
-37, халықаралық рецензияланатын журналдарда – 18 мақала, оқу құралы – 15 (оның
ішінде 1 оқу құралы РӘК ұсынған), оқу – әдістемелік құрал –11, электрондық оқулық-
14, монографиялар-4; авторлық куәлік- 35, Хирш индексі 4.

Оның жетекшілігімен екі талантты жас ғалым "Бастауыш оқытудың педагогикасы
мен әдістемесі" мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғап, растады.

Гүлмира Сабырқызының жетекшілігімен «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
мамандықтарының студенттері мен магистранттары республикалық және халықаралық
СҒЗЖ мен ҒЗЖЖ-да 1-3 жүлделі орындарға ие болды .

Ол «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2017», «Ғылымның үздік кандидаты» жобасы,
«Жоғары білімін оқыған заманауи технологиялары» номинациясы бойынша
республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының жеңімпазы.
«Гульмира Сабыровна ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық
қаржыландыру шеңберінде жоба жетекшісі мен орындаушысы.

Усенова Аида Қажмуханқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, дене
шынықтыру және өнер жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (доценті).

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 35 жыл еңбек етіп келеді.

2014 жылы International Center for Education & Technology және ҚР жоғары оқу
орындары Қауымдастығының шақыруымен АҚШ-тың жетекші университеттерінде
«Білім берудегі, мәдениеттегі және бизнестегі көшбасшылық пен инновация» атты
кәсіби тағылымдамадан өтті. 2015- 2017 жылдары «Мәдениеттің көркемдік
кеңістігіндегі музыкалық стиль» авторлық курсы бойынша дәрістер оқыды. Беларусь
мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің студенттері, магистранттары мен
аспиранттары үшін шеберлік сыныптары мен жеке өсу тренингтерін өткізді. БММӨУ
ректоры кәсіби көзқарасы мен дәріскер ретінде терең біліміне жоғары баға берді.

2018-2020 жылдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шеңберінде
«Көпмәдениетті білім беру ортасы жағдайында студент жастардың этносаралық
толеранттылығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі
болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ базасында
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы РОӘК қызметін
трансформациялау шеңберінде «Музыка мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша
дуальды оқытудың тетіктерін әзірлеу және іске асыру» жоба тобының жетекшісі
(секция: музыкалық білім беру).

120-дан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде музыкалық білім беру
педагогикасы және әлеуметтік-мәдени қызмет саласындағы 2 монографияның, 10 оқу
құралының авторы. Web of Science, Scopus халықаралық базаларында, ҒЖБССҚК, ТМД елдерінің ЖАК, РҒДИ ғылыми журналдарында жарияланымдары бар.

Қарашолакова Ләззат Наушабайқызы – PhD, Техникалық ғылымдар
жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, ғылым және ғылыми
жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы.
Әр жылдары ҚР БҒМ ҒК жобаларын орындаушылар құрамында болды: 2008-
2010жж. «Шаруашылық-құнды, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жеміс-
жидек дақылдарының жасушалары мен тіндерінің криогендік коллекцияларын
толықтыру және қолдау»; «Морфо-анатомиялық және молекулярлық-генетикалық
талдау әдістерімен Іле-Балқаш өңірінің өсімдік түрлерінің маңызды экологиялық,
ғылыми және мәдени маңызы бар эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара
жатқан популяцияларының генетикалық жағдайын бағалау»; «Қазақстандық кәдімгі
түрлерінен биологиялық белсенді препараттарды алудың биотехнологиясын әзірлеу»
ҒТП о. 0585 «Дәрілік заттарды жасаудың биотехнологиясы» шеңберінде Қазақстан
флорасы өсімдіктерінің мәдени, интродукцияланған және жабайы өсетін түрлеріне
негізделген препараттар, ББДЗ және мамандандырылған Тамақ өнімдері мен басқа да
материалдар". «Биологиялық белсенді заттардың көзі – бөріқарақаттың құнды түрлері
мен формаларының гермоплазмасын криогендік сақтаудың биотехнологиясын әзірлеу».

2022-2024 жж. «Өнеркәсіптік игеру үшін Asteraceae тұқымдасына жататын
өсімдіктердің кейбір перспективалы дәрілік түрлерін кешенді зерттеу» жобасының және
2023-2025 жж. коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық
қаржыландыру жобасының «Жетісу Алатауының сирек кездесетін жабайы жеміс
түрлерінің көшеттерін вегетативті көбею жолымен өндіру» жобасының орындаушысы.

2021 жылы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды. Asian Council of
Science Editors мүшесі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сарапшысы.
Қазіргі уақытта «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында Марке
Политехникалық Университетінде (Италия) ғылыми тағылымдамадан өтіп жүр.

60-тан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 20-дан астам РҒДИ, Scopus, Web of Science жоғары рейтингті басылымдарындағы ғылыми мақалалардың авторы.

Дания Нұрмұханқызы — Философия докторы, қауымдастырылған профессор
Құқық және экономика жоғары мектебінің Криминалистика зертханасының
меңгерушісі.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі еңбек жолын 2011 жылы
ғылым бөлімінің маманы ретінде бастап, әр жылдары «Қылмыстық-құқықтық пәндер»

кафедрасының аға оқытушысы, «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры, Құқық саласындағы білім беру бағдарламаларының
басшысы, Ректор аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

Дания Нұрмұханқызы 60-тан астам ғылыми жұмыстардың, ғылыми-танымдық
мақалалар мен баяндамалардың, оның ішінде 10 монография, 4 оқу құралы, 3
электрондық оқу құралдарының және олар бойынша авторлық куәліктердің, Scopus
дерекқорына кіретін 11 мақалалардың, Web of Science базасына кіретін 4 мақаланың
авторы (Хирш индексі 4).

«Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы бойынша сарапшы. «ЖОО-ның
үздік оқытушысы — 2018» байқауының жеңімпазы және жас ғалымдарға арналған
мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

Еуропалық Комиссия қаржыландыратын H2020 MSCA-RISE «Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia» және «MOCCA: multilevel Orders of Corruption in Central Asia» халықаралық жобаларының және ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру жобаларын орындаушысы.

Шүкенай Гүлім Төлеуқызы – гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, философия докторы.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2009 жылдан бастап қызмет етеді.

55 ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде 11 ҚР БҒМ БҒССҚК басылымында — 11,
Scopus деректер базасына енгізілген шетелдік журналда — 5. «Қазақ лингвоэкологиясы»
атты монографияның, «Жетісу гидронимдері», «Лингвоэкология: теориясы мен
әдістемесі» оқу-әдістемелік құралының авторы. Ғылыми бағыты: лингвистика, тілді
оқыту әдістемесі, білім берудегі лингвоэкология мәселелері.

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
жобалар бойынша гранттық қаржыландыру аясындағы – «Қазақстан Республикасында
білім берудің лингвоэкологиялық моделін қалыптастыру: теориясы мен тәжірибесі»
ғылыми жобасының жетекшісі.

Кожашева Гүлнар Оналбайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор (доцент).
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру
аясындағы «Жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарында
математиканы оқытуда нейролингвистикалық бағдарламалауды қолдану» ғылыми- зерттеу жобасының орындаушысы және

«Желілік өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қашықтықтан оқыту технологияларын
пайдалану арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес Мектеп-колледж – ЖОО
жүйесінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру» ғылыми
жобасының ғылыми жетекшісі.

Гүлнар Оналбайқызы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасымен, Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен Жылдың үздік математика мұғалімі» Төсбелгісімен марапатталған. Еңбек жолында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының «Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.

Көптеген монография, оқу құралдары, ЭЕМ арналған бағдарламалар, мақалалардың авторы. Оның ішінде 5 мақаласы Scopus деректер базасындағы журналдарда
жарияланған (H-index 3).

Гаврилова Екатерина Николаевна — жас ғалым, PhD. І. Жансүгіров атындағы
Жетісу университетінде бакалавриат, магистратура және докторантуранда оқыған.
«ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта
жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарын орындаудағы жетістіктері үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, университет Басқарма Төрағасы-Ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.

30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның 4-і Scopus (h-index 4) базасының журналдарында жарияланған. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды
гранттық қаржыландыру шеңберінде орындалған және орындалып жатқан 2 ғылыми жобаның орындаушысы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх