Халықаралық форсайт-конференциясы өтті

Төртінші өнеркәсіптік революция немесе 4.0 индустриясы бүгінгі таңда
әлемдік технологиялық дамудың озық үрдістерінің бірі болып отыр.
Еліміздегі цифрландыру — халықтың өмір сүру, білім алу сапасын жақсартуға арналған үдеріс.

Ғылым айы аясында Техникалық ғылымдар Жоғары мектебінің
ұйымдастыруымен «Индустрия 4.0. контекстіндегі цифрландырудың
заманауи тенденциялары» атты халықаралық форсайт-конференциясы өтті.

Пленарлық отырысқа Ресейдің Смоленск мемлекеттік университеті,
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Сүлейман Демирель атындағы университет, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары және Vlife компаниясының өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар жасанды интеллект, цифрландыру, робототехника
тақырыбын қаузады.

Секциялық мәжіліске І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ПОҚ
қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Жиынға қонақ ретінде шақырылғандар қатарында IT-Hub Jetisu Digital директоры Аблаев Талғат, Жоғары политехникалық колледжі, Электроника және коммуникациялар құзіреттілігі орталығының меңгерушісі Аяғанова
Аяжан, Жоғары политехникалық колледжінің бизнес стартап жетекшісі және
Enactus Zhetysu коучы Құлынтаева Асел, Provectus Generation ЖШС жоба менеджері Азатова Бийбисәнем болды.

Секциялық отырыстан кейін конференция қонақтары Робототехника және
мехатроника лабораториясымен және ТҒЖМ стартап аллеясын көріп, Техникалық ғылымдар Жоғары мектебінің жетістіктерімен танысты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх