Газет туралы

   «Жетісу университеті» газеті оқу орнының тыныс-тіршілігінен ақпарат таратумен қатар, студенттерге журналистік кәсіпті тәжірибе жүзінде үйретуге негізделген қоғамдық-саяси жастар газеті.

   Басылым беттерінде «Мінбер», «Рух», «Біздің түлек», «Сенің замандасың», «Ұшқын», «Жас ғалым», «Таным» т.б айдарлар аясында қалам ұстаған студенттер мен оқытушылардың  шығармашылығы жарияланып отырады.

   Газет университеттің және одан тыс  мәдени-көпшілік іс-шараларды кеңінен таратып, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары материалдар мен білімгерлердің шығармашылық жетістіктеріне жіті көңіл бөледі.

   Газет редакциясына келген студент ақпарат алуды, жазуды, өңдеуді үйренеді. Журналистика жанрларының ерекшелігімен танысып, бет қаттау туралы түсінігін қалыптастырады. Тек журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының студенттері емес, барлық студенттер қауымын  газет жұмысына араластыруға бағытталған.

   Басылым 1996 жылдан бастап тұрақты түрде жарияланып келеді. Газетке әр жылдары Үсен Өмірзақ, Тұрлыхан Кәрім, Назым Дүтбаева сияқты қаламы қарымды журналистер редакторлық етті.

Прокрутить вверх