Жетісулық студенттер жаңару күнін атап өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері   жаңару күніне орай  «Бір тал кессең, он тал ек» акциясын ұйымдастырды.

Тарихтан белгілі ата-бабаларымыз Наурыз мерекесін 8-9 күн бойы тойлаған. Оны «Наурызнама» деп атаған. Бүгін елімізде Жаңару күні тойлануда. Осыған орай Жетісу университетінің студенттері  «Студенттер үйі» ауласына   100 тал көшет отырғызды.    Игі шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық мәслихат депутаттары, ардагер ұйымының мүшелері және қала тұрғындары қатысты.   

      «Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Наурыз жыл басы.  Биыл Наурыз мерекесін жаңаша тойлап жатырмыз. Еліміздің түкпір-түкпірінде жалпыхалықтық ағаш отырғызу науқаны өтіп жатыр. Бұл өмірдің барлық саласында жаңарудың белгісі. Жаңа көшеттер сияқты біз де жаңа дәстүр мен идея, мақсаттарымыздың іргетасын қалаудамыз» – деді  облыс басшысы.   

Студент жастар Жаңару күнінің маңызын тереңірек түсініп, көшет отырғызу науқанында белсенділік танытты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх