Жас ғалымға жол ашық

Соңғы жылдары ғылым саласы мемлекет тарапынан қолдау тауып,
жастар ғылымға бет бұра бастады. Қазір еліміздегі 22 мыңнан астам
ғалымның 35 пайызы жастар. Алдағы уақытта ғылымдағы жастардың үлесін
52 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жетісу университетінде де ғылым жолын таңдап, білімі мен білігін
ұштастырып жүрген жас мамандар жетерлік. Мәселен, Педагогика және
психология жоғары мектебінің оқытушылары — Шакирова Арайлы мен
Райгүл Желдібаева биыл философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Жас
ғалымдар Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Абишев,
Қалибек Ыбыраимжанов, психология ғылымдарының докторы, профессор
Хапиза Наубаева сынды ғұмырын ғылымға бағыштаған білікті ұстаздардан
тәлім алып, үлкендер салған сара жолды жалғап келеді.
Қазақ қоғамында «үлгі», «өнеге», «тәлім» деген сөздердің құндылығы
өте жоғары. Неге десеңіз, келер ұрпақ, қазіргі жастар — алдыңғы буын
өкілдерінің ізін жалғап, өнегесін көріп, үлгі тұтып, тәлім алуда.
Педагогика және психология жоғары мектебі – талай түлек қияға қанат
қаққан киелі шаңырақ. Осы киелі шаңырақтан тәлім алған талай жас, ғылым
мен білім саласында жүр.
Райгүл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Аударма ісі»
бойынша бакалаврын, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратурасын, Жетісу
университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы
бойынша докторантурасын бітірген. Екі мәрте «Erasmus» халықаралық
бағдарламасының стипендиаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
Академиясының «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» жас ғалымдар
тобының мүшесі, Х Халықаралық ғылыми-зерттеу, «Zhetysu-startup 2022»
инновациялық идеялар мен жобалар байқауларының ғылыми жетекшісі.
Бірнеше халықаралық сертификат иегері.
Арайлы Дәлелқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,
«Педагогика және психология» бакалаврын, магистратурасын оқып, Жетісу
университетінің «Педагогика және психология» докторантурасын бітірген.
Заманауи білім алып кеністік жадайында дайарлау» Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификат иегері.

Ғылым жолы – күрделі жол. Толассыз еңбек пен үздіксіз ізденісті,

сарқылмайтын күш-жігер мен мықты миссияны қажет етеді. Ал мұндай

күрделі жолды таңдау нәзік жанды әйел қауымы үшін жауапкершілік жүгін
екі еселейді. Еліміздегі жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу
институттарында, зерттеу алаңдарында үздіксіз ізденіс танытып жүрген әйел
ғалымдарымыз қаншама?
Мемлекет басшысы ғылым саласына жастарды тарту керектігін,
оларды барынша ынталандыру қажеттігін айтып отыр. Талпынған жасқа
қашанда жол ашық.
Әйгерім ИЕБЕКОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх