Оқытушыларға арналған қысқы мектеп

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ЖОО-ның профессор-
оқытушылар құрамына арналған қысқы мектеп өтті.
Бұл бастаманың мақсаты біліктілікті арттыру, оқытушылар арасында
тәжірибе алмасу және оқу процесіне жаңа инновациялық технологияларды
енгізу.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған
тапсырмасына сәйкес ҚР-да білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға
арналған тұжырымдамасы қабылданған болатын. Жоғары білім беру
саласындағы негізгі бағыттардың бірі педагог кадрларды даярлау сапасын
арттыру және жаңғырту болып отыр.
Пленарлық отырыста «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
филиалдарының басшылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай артындағы
ҚазҰПУ профессорлары, «Rich TELS» психологиялық сүйемелдеу
орталығының маманы. баяндама жасады. Пікірталастардың негізгі тақырыбы
білім алушының деңгейін бағалау, жоғары оқу орындарында педагогикалық
пәндерді оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ ерекше
қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеудегі психологиялық аспектілер
болды.
Секциялық отырыста «Coursera» халықаралық білім беру платформасында
ашық онлайн-курстарды тегін игеру тәжірибесі талқыланды. Жобаға
қатысушылар коммуникация, кәсіпкерлік, көшбасшылық және менеджмент,
компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ бизнес-талдау дағдыларын табысты
игере алды. Бұл онлайн-платформа биыл оқытушыларға мол мүмкіндік
бермек.
Төрт күндік қысқы мектепте 6 топ бойынша форсайт-сессиялар,
семинарлар, лекториялар, тренингтер, шеберлік сыныптары өтті.

Әйгерім ИЕБЕКОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх