Итальямен ынтымақтастық нығая түспек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапары аясында
екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойды.

 

Мұндай келісімдердің бірі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат
Нұрбек пен Италияның Білім, университеттер және ғылыми зерттеулер
министрі Анна Мария Бернини қол қойған «Өзара түсіністік туралы
меморандум».
Меморандум алмасу рәсімі ҚР Президентінің Италияның Министрлер
кеңесінің төрағасы Дж. Мелонимен кездесуі аясында өтті.
Мақсаты – жоғары білім, ғылыми зерттеулер мен инновациялар бағыты
бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Сапар барысында министрлердің екіжақты кездесуі өтті, онда
ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары, әлемнің үздік ғылыми
орталықтары мен университеттеріне «Қазақстанның 500 ғалымы» жобасы,
«Болашақ» халықаралық стипендиясы талқыланды. ҚР Ғылым және жоғары
білім министрі жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға ортақ
міндеттемені білдіретін кездесуді ұйымдастырғаны үшін Анна Мария
Берниниге алғысын білдірді.
«Қазақстан мен Италия жоғары білімнің болашақты қалыптастырудағы іргелі
рөлін мойындайды. Біз білімнің, инновацияның және жоғары білім берудегі
кемелдікке ұмтылудың трансформациялық күшін түсінеміз. Бүгін біз білім
беру байланыстарын нығайту және оқу орындары арасындағы
ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі миссиямызда біргеміз. Біздің
елдеріміз қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум бірлескен
бастамалар, алмасу бағдарламалары және зерттеу серіктестігін нығайтуда
берік негіз, басшылық болатыны сөзсіз. Осы меморандумның арқасында
біздің оқытушы, студенттеріміз, зерттеушілеріміз және академиялық ортамыз
білімдерімен алмасып, оны таратуға өз үлестерін қоса алатындай платформа
құрамыз деп үміттенемін» — деді Саясат Нұрбек.
Білім беру саласында қазақстандық және итальяндық жоғары оқу орындары
арасында 30-дан астам келісім жасалды. Студенттермен алмасу
бағдарламалары бойынша белсенді ынтымақтастық жалғасуда (Сапиенца,
Салерно, Кассино, Неаполь және Феррара университеттері).
Енді қазақстандық студенттер Италия жоғары оқу орнының филиалында
оқуға және қос диплом алуға мүмкіндік алады. Олардың қатарында
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де бар. Былтыр Жетісу
университеті мен Марке политехникалық университеті арасында «Өзара
түсіністік туралы меморандумға» қол қойылған болатын.

Ақпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтынан
алынды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх