ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

Дзюдодан университет студенттері арасында ҚР Ұлттық Студенттік Лигасына іріктеу жарысы өтті. Жарыстын мақсаты студенттік жастар арасында Дзюдо күресі мен салауатты өмір сүру негіздерін насихаттау, спортшылардың шеберліктерін шыңдау, университет құрама командасына іріктеу және студенттер арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту. Жарыс ҚР Дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес 60, 66, 73, 82, 90, 100, 100+ салмақ бойынша өткізілді. Жарысқа қатысушы спортшылардың арасында Дзюдодан ҚР спорт шеберлері және спорт шеберіне үміткер палуандар болды. Тартысты бәсеке қортындысы бойынша 1-орын Құқық және Экономика жоғары мектебі командасына, 2-орын Жансүгіров колледжі командасына, 3-орын Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі командасына берілді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх