ЖУ қыздары жеңіске жетті.

Жетісу университетінің стадионында футзалдан Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университетінің комадасы мен Жетісу университетінің
қыздар командасы арасында жолдастық кездесу өтті. Университетіміздің
жаңадан құралған командасы өте жақсы ойын техникасы мен тактикасын
көрсете білді. Қонақ команда да жоғары дайындықпен келгендерін ойын
алаңында көрсетті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
комадасы соңғы үш Универсиаданын, 2023жылы Астана қаласында өткен
ҚР Ұлттық Студенттік Лигасының және Алматы қаласының жоғары оқу
орындарының арасындағы Чемпионатының чемпионы.

Университетімізде футзалдан қыздар командасын құру – ҚР Ұлттық
Студенттік Лигасы құрылғаннан бері университет Спортклубының негізгі
мақсатының бірі болып келген. Бүгінгі күні университетіміздің құрама
командасы іріктеу жарыстарынан соң толықтай жасақталды. Негізгі
ойыншылар Дене шынықтыру және спорт мамандығында оқитын
студенттерден құрылған. Команда мүшелері: Нұрай Саматқызы, Дана
Байбуран, Тоқжан Дуйсенғали, Аружан Муратбек, Асыл Какен. Жарыс
қорытындысы бойынша 4:3 есебімен Жетісу университетінің қыздары
жеңіске жетті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх