Ілияс Жансүгіровті еске алу кеші өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Өз ұлын, өз ерлерін
ескермесе, ел, тегі, алсын қайдан кемеңгерді» атты Ілияс Жансүгіровті еске
алу кеші өтті.
Қаламгерді еске алу кешіне облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі
Гүлжан Тұрсын мен Шара Бүркеева келді.
Кешті «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор Имангазинов Мұратбек
Мұбыракханұлы кіріспе сөзімен бастап, қаламгердің өмірі мен
шығармашылығына тоқталып өтті.
Шара апайымыз «Тамшы бұлақ», «Шилі өзен қамыс-ай» әндерін
нақышына келтіре шырқады.
Емберген Зарина Ілияс Жансүгіровтің «Замандасқа» өлеңін, Нұржапар
Жасмин «Бұлақ бойында» өлеңін, Сейітқұл Мирас «Арыным» атты өлеңін
нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.
Кеш соңында Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» және «Өлеңдер» жинағы
білімгерлерге тарту етілді.
Қазақ сөз өнерінің дүлділі Ілияс Жансүгіров — мәңгілік ел есінде қала
бермек!


«Ілиястану»
ғылыми-практикалық
орталығы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх