«ZHETYSU-STARTUP» стартап-жобалар байқауы өтті

Жетісу университетінде «ZHETYSU-STARTUP» стартап – жобалар байқауының финалы өтті. Байқауға  it, экологиялық, физика-математикалық, әлеуметтік және басқа  да бағыттар бойынша  40-тан астам жоба ұсынылды.  Оған 35 жасқа дейінгі 100-ден астам студент қатысты. 

Байқаудың мақсаты облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде олардың қызметін қолдау және ілгерілету үшін креативті ойлайтын жас мамандарды анықтау.

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың гран-при жүлдесін  күшті иммунитет және мол өнім беретін «Kazaukana» қара тауығының жаңа тұқымын өсіруге бағытталған «Gallus» жобасы жеңіп алды. 

Болашақта өндірілетін сұрып емдік қасиеті бар қара етке, сондай-ақ жылына 350-ге жуық жұмыртқа өндіруге ие. Жұмыртқа қабығы түрлі-түсті. Жоба авторлары-Асқар Рахым бастаған «Enactus Zhetysu» студенттер тобы, ғылыми жетекшісі-Ерік Бейсенбеков.

Бірінші орынды «Pro Research Lab» жобасының авторлары Милена Ледовская мен Әлихан Тәңірберген иеленді, ғылыми жетекшісі Асылжан Есімбекова. Финалистер Қазақстанда баламасы жоқ мақала, жоба, зерттеу жазу процесін жеңілдететін, сондай-ақ, пайдаланушыларға барлық қажетті материалдарды  тауып беретін жасанды интеллект технологиясы бар мобильді қосымша ұсынды. 

Екінші орынды вапаларды (электронды темекі) қайта өңдеуге бағытталған «EcoPODS Шунгит» және «Iwis мобильді қосымшасы» жобалары бөлісті.

Үшінші орын үш  бірден стартап-жобасына берілді. Студенттік билеттің, жол жүру билетінің, кіру картасының функцияларын біріктіретін, сондай-ақ оқушының дербес деректерін сақтайтын орын  —  «МЕН» жобасы. «Ақылды киіз үй» және «Scout» барлау-іздеу роботының жобасы.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтардан бөлек университеттен қолдау алады. Академияның барлық Startup инфрақұрылымына, университеттің зертханаларына қол жеткізе отырып, сондай-ақ тәлімгерлердің көмегімен студенттер softskills-ті, ірі инвесторларды одан әрі іздеу үшін өз жұмыстарын жетілдіреді.

«Zhetysu – STARTUP» байқауы 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында оған 1000-нан астам жоба қатысты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх