Академиялық артықшылық орталығының құрылысы басталды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ғылыми-
білім беру орталығының құрылысы басталды. Нысан университеттің
аумағынан бой көтеріп, бірнеше бағытта ғылыми зерттеулер жүргізетін
зертханаға айналмақ. Салтанатты жиында Басқарма төрағасы — ректор Ермек
Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, жобаны толық жүзеге асыру үшін бүгінгі
таңда жол картасы бекітіліп, даму бағдарламасы әзірленгенін, сондай-ақ
жергілікті атқарушы орган және бизнес-құрылымдық өкілдерімен жобалық
офис құрылғанын жеткізді.

«Жетісу ғылыми-білім беру орталығын» құру арқылы, біз университеттің заманауи академиялық және ғылыми-зерттеу экожүйесін дамытуды мақсат етіп отырмыз. Бұл орталық университеттің ғана емес өңірдің ғылыми әлеуетін дамытып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін
коммерцияландыруға септігін тигізетініне сенемін» -деді ректор.

Орталық базасында STEM lab: жаратылыстану ғылымдары мен
технологияларының ғылыми-оқу зертханасы; EcoAnalysisLab; Молекулярлық
биология; Метрология және сертификаттауды стандарттау зертханасы
ашылады. Онда студенттер, жас ғалымдар, тәжірибелі ғалымдар серіктес шетелдік ЖОО ғалымдарымен бірлескен зерттеулер жүргізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Академиялық артықшылық орталығын құру Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Ғылымды қолдау және зияткерлік
әлеуетті дамыту үшін елдің неғұрлым бәсекеге қабілетті 20 ЖОО базасында академиялық озық орталықтар құру (15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО)
тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті аймақтық мықты 15 ЖОО тізіміне енген.

Орталық құрылысы осы жылдың сәуір айында басталып тамыз айында
толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх