Жетісулық ғалымдар кәсіби мерекелерін атап өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жетісу жеріндегі
бірден-бір ғылым мен білімнің ордасы. Бұл күнде білім шаңырағында 300-
ден астам оқытушы қызмет етсе, оның 75 пайызға жуығы ғылыммен
айналысады.

Кәсіби мереке қарсаңында ғылым және жоғары білім саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Салтанатты жиында Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев еліміздің
ғылымын дамытуға үлес қосып жүрген ғалымдардың еңбегін ерекше атап өтті. «Ғылым жолы өте күрделі. Тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбекті
талап етеді. Соңғы жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлік университеттерде қызмет ететін ғалымдарға қолдау көрсетіп отыр. Ғалымдар күні қарсаңында университетіміздің бірқатар профессор-оқытушылар құрамы
мен білім алушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер », – деді ректор.

Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, техника ғылымдарының докторы Ерлан Андасбаев «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
деканы Айна Абызова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен
марапатталды.

Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен
экономика ғылымдарының кандидаты, қаржы және қызмет көрсету
саласындағы ББ жетекшісі Гульнара Тулешова, биология ғылымдарының
кандидаты, жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша ББ жетекшісі Берикжан
Оксикбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану жоғары
мектебінің қауымдастырылған профессоры Айгуль Алдабергенова, дене
шынықтыру және өнер жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Зауре Шагатаева, құқық және экономика жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары — Айжан Мусекенова марапатталды.

Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен
Биология ғылымдарының кандидаты, техникалық ғылымдар жоғары
мектебінің оқытушы-дәріскері Айжан Акмуллаева, педагогика және психология ББ жетекшісі Бибигуль Альмухамбетова, оқыту және тәрбиелеу
әдістемелері ББ жетекшісі м.а. Райгуль Желдибаева, жалпы даму ББ
жетекшісі, Эльмира Баженова, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
оқытушы-дәріскері Бибигуль Каримова, Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Асель Оразбаева, филологтарды даярлау ББ жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Раушан Асылова марапатталды.

Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен ғалым-ардагерлер
Карлыгаш Ибрагимова, физика-математика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор — Женипалды Нысамбаев, филология ғылымдарының кандидаты Муса Бисенкулов, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Айтжамал Нугусова, экономика
ғылымдарының докторы, профессор Кульжамал Блеутаева, техникалық
ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекбай Альмухамбетов, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, ҚР өнер қайраткері Жакан Баримбеков марапатталды.
Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры – Айжан Шыныбекова, оқытушы-дәріскер – Гүлдана Тұрабай, Педагогика
және психология жоғары мектебінің профессоры – Калибек Ыбыраимжанов,
оқытушы-дәріскер – Айнур Ансабаева, оқытушы-ассистент – Меруерт Мухашева, оқытушы-дәріскер – Гульмира Майлыбаева, Жаратылыстану
жоғары мектебінің профессоры – Дүйсебек Нұрғабыл, оқытушы-дәріскер – Наталья Тукенова, Құқық және экономика жоғары мектебінің оқытушы-
дәріскері – Гульнар Лухманова, қауымдастырылған профессор – Салтанат
Байдыбекова, Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Зауре Канапьянова марапатталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх