Ғазиз жүрек иесі

(Қарлығаш Сарбасованы еске алу кеші және семинар өтті)
Ғылым айлығы аясында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің
ұйымдастыруымен «Қарлығаш Сарбасованың ғылыми-әдістемелік еңбектері: таным, тәжірибе, инновация» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – филологиялық пәндерді
меңгертудің өзекті мәселелерін талқылау. Қ.Сарбасованың фонетика,
лексикология, синтаксис салалаларын меңгертуге арналған ғылыми-
әдістемелік еңбектерінің маңызын саралау, оқу-әдістемелік құрал әзірлеу
әдістемесін тарату арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігін жетілдіру.

Семинарға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰҚызПУ, ҚР Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша
филиалы оқытушылары, Талдықорған инновациялық колледжі, Сарқан көпсалалы колледжі, Сарқан политехникалық колледжі мұғалімдері мен Жамбыл облысы, Алматы, Балқаш, Тараз, Талдықорған қалаларының мектеп
мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының
кандидаты, қауымдастырылған профессор Қарлығаш Сарбасованы еске алуға
арналған «Ғазиз жүрек иесі» атты кеш өтті.

Кеш қонақтары Қарлығаш Базарбекқызының қазақ ғылымы мен біліміне
қосқан үлесі жайлы өз пікірлерін білдіріп, мұрасына үңілді. Ғалымның кәсіби
қалыптасу жолы, Жетісу университетінің дамуына қосқан үлесі мен биік
болмысы оқыту ісіндегі принциптері, ұстанымдары, жайлы да айтылды.

Марқұмның әріптесі филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
оқытушы Сайлау Қожағұлов Қарлығаш Базарбекқызымен сонау 1991 жылы
басталған ұзақ мерзімді жұмыстағы әріптестік қарым-қатынасын еске алды.
Бойында ешбір кемшілігі жоқ, тазалықтың жоғары талаптарын ұстанған
адамның білім, парасаттылық, сыйластық, мінез-құлық деген төрт қасиетке ие екендігін баса айтты.

«Қарлығаш Базарбекқызы ұстаз ретінде ғана емес, тіл білімінің әр саласына
елеулі үлес қосқан зерттеуші. Біз оның еңбектері мен ұстанымдарын сақтауға
және жеткізуге міндетіміз» – деді кеш қонақтары.

Эльмира СМАҒҰЛОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх