Жас ғалымның жетістігі

Ілияс Жансугіров атындағы Жетісу университетінің сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Комиссияның үйлестірушісі, экономика және бизнес магистрі, 90-нан астам ғылыми жұмыстардың, ғылыми мақалалар мен баяндамалардың авторы,  жас ғалым Бедельбаева Асел Ерікқызы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды. 

Асел Ерікқызы, әңгімемізді ғылымға келу жолыңыздан бастасақ? Қашан, қалай қызығушылық таныттыңыз дегендей?

— Ғылым жолындағы алғашқы қадамымды 2011 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне магистратураға оқуға түскен кезден бастадым. Білім алу барысында — э.ғ.д., профессор Д.А.Калдияровтың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыстым, мақалалар жаздым, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатыстым.

Кейіннен ЖУ-да оқытушылық қызметпен айналыстым, қаржы-экономикалық факультеті деканының ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары, оқу-әдістемелік бөлімінің сарапшысы, білім беру бағдарламаларының жетекшісі қызметтерін атқардым.

Оқытушылық қызметімде барысында білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік еттім.

2015 жылдан бастап ҚР Ғылым және білім министрлігінің гранттық қаржыландыру бойынша жобаларына кіші ғылыми қызметкер ретінде қатыса бастадым. Бүгінгі күні 90-нан астам ғылыми жұмыстардың, ғылыми мақалалар мен баяндамалардың авторымын. Оның ішінде: 9 монография, 2 ҚР РОӘК ұсынған оқу құралдары, 4 университеттің Ғылыми кеңесі ұсынған оқу-әдістемелік құралдары, 2 оқу-әдістемелік нұсқаулар, Scopus дерекқорына енетін басылымдарда 12 мақала (Хирш индексі 5-ке тең), ҚР сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарында 15-тен астам жарияланымдарым бар.

— Ғылыми стипендияны қалай ұтып алдыңыз? Қандай әзірлемелер үшін сыйақы берілді?- Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен ғылым саласындағы сыйақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар бекітілген болатын. 40 жастан асқан ғалымдар үшін 25 мемлекеттік ғылыми стипендия; 40 жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру республикалық басылымдарда, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының интернет-ресурстарында жарияланды. Конкурс басталысымен, стипендия туралы ақпаратты ЖУ-дың ғылым бөлімі жалпы барлық жоғары мектептер бойынша таратқан болатын. Мен де өзімнің тиісті  құжаттарымды ұсынып, бағымды сынап көрдім.

 Конкурсқа қатысқан кезде қиындықтар туындады ма? Стипендияны ұтып алғанда қандай күйде болдыңыз ?

— Конкурсқа қатысу кезінде қиындықтар болған жоқ. Керісінше, құжаттарды өткізу жеңілдетілген. Барлық құжаттардың электронды нұсқасы Әділет базасына жүктеледі, ал қағаз нұсқасы Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылады. Конкурс объективті және ашық өтті

— Қазіргі таңда қандай ғылыми жобаларға қатысып, қандай зерттеулер жүргізілуде ?

Ғылым жолында мен бірқатар ғылыми жобаларға қатыстым.

2015-2017 жылдары «Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын оңтайлы аймақтық басқару механизмінің тұжырымдамасын әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының кіші ғылыми қызметкері болдым.
2018-2020 жылдары «Инвестициялық тартымдылықты жоғарылату жолымен ауылшаруашылық аймақтарын тұрақты дамытудың механизмін қалыптастыру » тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми қызметкері болдым.

2020-2022 жылдары «Инклюзивті жоғары білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жоғары оқу орнына дейінгі даярлауды ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының аға ғылыми қызметкері болдым. 2022 жылдан бастап 2 жобаға қатысып келемін.
«Data Driven Decision Making тұжырымдамасы негізінде жаһандық сын-қатерлер жағдайында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін басқару» тақырыбындағы ғылыми жоба бойынша аға ғылыми қызметкер және «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу» тақырыбындағы ғылыми жоба бойынша аға ғылыми қызметкері лауазымдарын атқарудамын

Сұхбатыңызға рақмет, ғылыми жетістіктеріңіз көп болсын!

Сұхбаттасқан Эльмира СМАҒУЛОВА.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх