Ілиястанушы ғалым мерейлі жасқа толды

Жетісу университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор,  Ілиястану  ғылыми-практикалық  орталығының  меңгерушісі  Иманғазинов Мұратбек  Мүбаракханұлының 60 жас мерейтойына орай салтанатты жиын өтті. Жиынды гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі  ұйымдастырды.

Салтанатты шарада мерейтой иесіне  Басқарма Төрағасы – Ректордың және оқытушының туған жері – Алакөл ауданы әкімінің құттықтау хаты табысталды.

Жиынды басқарма мүшесі, оқу ісі жөніндегі проректор  Бауыржан  Рыспекұлы тізгіндеді. «Мұратбек  Мүбаракханұлы бүкіл өмірін университетке қызмет етуге арнады.  Дарынды басшы әрі ұстаз, өз ісінің нағыз маманы Жетісу университетінің  дамуына зор үлес қосып келеді. Заманауи «Ілиястану» ғылымының дамуына жол ашқан ғалым. 100-ден аса ғылыми еңбектердің  авторы», – деді проректор.

Қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты  Мамиля Жакыпбекова «Көркем мінез, кемел ойдың иесі» атты  баяндама жасап, Мұратбек  Мүбаракханұлының өмір жолы мен қызметі жайлы  естеліктермен  бөлісті. Сондай-ақ, мерейтой иесінің достары, ауылдастары, әріптестері мен шәкірттері қатысып, өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін, ақжарма тілектерін  арнады.

Мұратбек  Мүбаракханұлына  Ақсу ауданының «Құрметті азаматы»  атағы берілді.

Шара соңында әннен шашу шашылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх