МЕЙІРІМ СЫЙЛАҒАН КҮН

Жуырда Педагогика және психология жоғары мектебінің  Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының студенттері «Ертегіге саяхат» шарасын  ұйымдастырды.

Топ кураторлары, оқытушы-дәріскер, магистр Г.А.Тажинова мен п.ғ.к., оқытушы-дәріскер Н.Н.Ханинаның жетекшілгімен Облыстық мамандандырылған балалар үйінде «Шалқан» ертегісі бойынша театрландырылған көрініс қойылды.

Балалар үйінің орынбасары Гүлнара Бейсенбаева шараны ұйымдастырған жоғары мектептің профессор-оқытушылары, топ кураторлары мен білімгерлерге алғыс білдірді

Әке мен шешенің аялы алақанын көрмеген бүлдіршіндерге мерекелік қөңіл-күй сыйлаудың өзі бір бақыт. Шара соңында ұйымдастырушылар балаларға базарлық таратты. Игі іс бүлдіршіндердің бойында мейірімділік, қуаныш, шаттық сынды сезімдерді оята білді. Мейірімділік шарасы мұнымен тоқтамайды

Алдағы уақытта жалғасын таба бермек. Атап айтсақ, «Eco-friendly student» челленджі, «Жүрек жылуы» концерттік бағдарлама, «Менің арманым – менің болашағым» психологиялық тренингі, «Қамқор» балалар тәрбиеленушілерімен «Аялы алақан» атты іс-шаралар өтеді. Педагогика және психология жоғары мектебінің оқытушылары мұндай іс-шара арқылы біз студенттерді адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеп, сауапты іске тартамыхз дейді

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх