Әмбебап журналист — заман талабы

Қазіргі толассыз ақпарат тасқыны заманында конвергентті журналистиканы меңгеру аса маңызды. Өйткені ақпарат таратудағы тапқырлық қазіргі заманың басты сұранысына айналып отыр.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі, (PhD) Философия докторы Жұмағали Есенбек Нью-Йорк қаласында білім алып, Америка Құрама Штаттарының стандарттарына сай заманауи ақпарат таратудың құзыреттіліктерін үйреніп қайтты.

Маман Нью-Йорк фильм академиясынан (New York Film Academy) тағылымдамадан өтіп,  бір жылдық «Broadcast Journalism» бағдарламасы бойынша диплом алды.

Конвергентті журналист ретінде қабілетін шыңдап, медианың барлық түрінде ақпарат өңдеудің қыр-сырын үйренген.

«Ақпарат тарататын адам барлық саладан  хабардар болып қана қоймай, медиатехнологияны жақсы меңгергені дұрыс. Бізге профессионалды камерамен видео түсіруді, монтаждауды, продюссерлікпен айналысуды, ағылшын тілінде сценарий жазуды, подкаст жасауды, жаңалық жүргізу технологияларын үйретті.  Ағылшын тіліндегі жаңалықтарға продюссерлік жасадым. Фред Силвермен, Роберт Ферраро, Бил Эйнрэйнхофер, Евгения Власова, Энрико Розетти, Даниель Хернандес, Джон Файдер сынды білікті мамандардан дәріс алдым. Нью-Йоркте білім алуға мүмкіндік берген «Болашақ» бағдарламасына алғысым шексіз!», — дейді Жұмағали Бейсенбайұлы.

Сондай-ақ тағылымдама барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының және «NBC», «Fox news» АҚШ телеарналарының жұмысымен танысудың сәті түскен.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх