«SmartParking» ақылды тұрағы – болашақ технологиясы

ЖОО қызметкерлеріне арналған бет-әлпетті тану технологиясы бар тұрақ
кеңістігін басқарудың зияткерлік жүйесін І. Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің ғалымы Анет Ибраимов әзірледі.

Бұл жобаны құру кезінде автор студенттер арасында автокөлік иелерінің
көптігіне байланысты олардың тапшылығын ескере отырып, ЖОО
қызметкерлері мен оқытушыларын олар үшін резервтелген тұрақ
орындарымен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Бейнетіркеу жүйесі жүргізушінің (қызметкердің) бет-әлпетін анықтай
отырып, резервтелген орындардың бірінің лезде құлпын ашуды жүзеге
асырады. Шлагбаумды ашу немесе жабу туралы шешім тек автоматты түрде
қабылданады.

Тек автомобиль мемлекеттік нөмірлерін оқитын барлық қолданыстағы тұрақ
бейнебақылау жүйелерінен айырмашылығы, бұл жүйе бет-әлпетті тану
технологиясын қолданады.

Анет Ибраимовтың айтуынша, бағдарламаның толыққанды жұмыс істеуі
үшін мәліметтер базасында жүргізушінің бір ғана фотосуреті қажет.
Сонымен қатар, жүйе жүргізушіге ата-аналарына, жұбайларына немесе
балаларына тиесілі кез келген мемлекеттік нөмірлері бар көлікті пайдалануға
мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаның көмегімен тұрақ орнын брондау
жеткілікті.


Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх