Ашық есік күні

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Талдықорған қаласының
жалпы білім беру ұйымдарын аяқтаушы түлектерге Құқық және экономика
жоғары мектебін таңдаған оқушылар үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Жиын
университеттің №1 оқу ғимаратында өтті. Шараға 300-ден аса болашақ жас
білімгер қатысты.
Кездесу талапкерлерге жоғарғы оқу орны жайлы толық мағлұмат беріп,
дұрыс таңдау жасауда кәсіби көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық есік күнінде қатысушылар университет жүйесімен кеңінен танысты.
Оның ішінде құрылымдық бөлімдер жұмысын көріп, құқық және экономика
жоғары мектебінің барлық білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттар
алды. Ғылыми зертханалар, теле және радиостудия, кітапхана мен жастар
орталығы, стартап және мұражай залдарында болды.
Таныстырылым кезінде университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми
жобалар, жастарға арналған мүмкіндіктер жайында анықтама берілді.

Сонымен қатар Жетісу университетінің халықаралық бастамалары мен
қабілетті буынды демеу жолындағы жұмыстары жайлы айтылды.
Талапкерлер құқық және экономика жоғары мектебінің ғылыми әлеуетін іс
жүзінде көре алды.
Жиынға қатысушылар университет оқытушылары және қызметкерлерімен
тілдесіп, білім алуға және оқуға қабылдауға байланысты өз сұрақтарын
қойды. Сондай-ақ белсенді білімгерлермен студенттік өмір жайлы еркін
сұхбат құрды. Жалпы, ашық есік күніне қатысу арқылы оқушылар
университетпен жақын танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды. Бұл
жастардың Жетісу университетінің білімгері болып, үздіктер қатарын
толықтыруға мүмкіндік береді. Осы іс-шара әр жоғары мектепте желтоқсан
айына дейін жалғасатын болады.


Әйгерім Иебекова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх