АҚШ-тың Небраска университетінің профессорлары келді

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне АҚШ-тың Линкольн
қаласындағы Небраска университетінің профессорлары келді. «Қазақстанда
агробизнесті дамыту бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту»
жобасын іске асыру шеңберінде құқық және экономика жоғары мектебінің
профессор-оқытушылар құрамы және студенттері шетел профессорларымен
кездесуі өткізді. Жобаға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі демеушілік
жасады.

Жобаның негізгі мақсаты АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары
арасындағы әріптестікті дамыту және агробизнеспен айналысу бойынша
білім беруге жәрдемдесу.
Кездесуде Небраска-Линкольн университетінің оқыту процесі
қарастырылып, ENGLER агробизнесінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша
білім беру бағдарламасының дәрісі өтті.
Жоба үйлестірушісі және төрағасы, Nebraska Extension білімін тарату
жөніндегі маманы, Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю
Зимброф және кәсіпорындармен жұмыс істеу маманы Бреннан Костелло сөз
сөйлеп, ортақ жобалар бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін
айтты.
Университет өкілдері қонақтарға сүт фермасы мен мал тұқымын
асылдандыру станциясын көрсетті. Экскурсияның мақсаты: Жетісу өңіріндегі
агробизнестің дамуын, ғылыми зерттеулер тәжірибеде қалай
қолданылатындығын көрсету.


Әйгерім ИЕБЕКОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх