Республика күні – ұлттық мереке!

ЖУ-да «Республика күні – ұлттық мереке!» атты кеш өтті. Салтанатты
шарада Басқарма Төрағасы-Ректор Қуат Баймырзаев құттықтау сөз сөйлеп,
университеттің дамуына үлес қосып жүрген оқытушылар мен бірқатар
қызметкерлерді марапаттады. Атап айтсақ, педагогика ғылымдарының
кандидаты, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ғалия
Қыдырбаева, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен»
марапатталды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, құқық және экономика жоғары мектебінің
оқытушы-дәріскері Салтанат Тинистанова, білімгерлерге қызмет көрсету
орталығының менеджері Альмира Гизатова Ғылым және жоғары білім
министрінің Құрмет грамотасына ие болды.
Спортклуб оқытушысы М. Кажыканов, Үздіксіз білім беру институтының
әдіскері С. Закарина, молекулалық генетика және геномика зертханасының
меңгерушісі, PhD докторы Қ. Ермекбаев, Персоналды басқару және құжат
айналымы бөлімінің бас маман Н. Бахытханқызы, Жастар орталығының
басшысы А. Самен Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен
марапатталды.

Сондай-ақ, Басқарма Төрағасы-Ректордың Құрмет грамотасымен әрі Алғыс
хатымен оқытушылар мен университет қызметкерлері марапаталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Әйгерім ИЕБЕКОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх