Ілиясқа
Құлагердей тұлпарсың Ілиясым, Әдебиетке әлемнен нұр құясың. Сұлу сөзбен сиқырлап оқырманды, Өсиеттеп қалдырдың жыр ұясын. Күй өнерін көсіліп жырлайтұғын, Еліне еңбек етіп қылмай тыным. Білемін қанша жолын кескенменен, Алаштың азаматы сынбайтынын. Ән айтып, күй шертуге асық болдың, Домбыраның үніне сен ғашық болдың. Исатай мен Махамбеттей ерлерімнің Орындарын тарихтағы жазып, толдың. Бәйгелерде топ жарған тұлпардайсың, Көк …