Польшадағы кездесу

Польша республикасында Катовице бизнес университетінің ректоры PhD докторы,  профессор Марта Адамчикпен және Құқық және экономика жоғары мектебінің докторанты Д.А. Дигаймен шетелдік ғылыми тағылымдама аясында кездесу өтті. Кездесу барысында докторлық диссертация мен шетелдік ғылыми кеңесші, заң ғылымдарының докторы, профессор Даниэль Войчакпен  бірлескен ғылыми мақала жазу үшін қажетті материалдарды жинақтау мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Кездесуге сондай-ақ Жетісу университетімен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келе жатқан профессорлар — кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Польша Парламенті Сенатының сарапшысы — Анджей Бештыга және экономика ғылымдарының докторы, профессор Стефан Дырка қатысты. Әйгерім ИЕБЕКОВА

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх