Жетісу университеті Times Higher Education әлемдік рейтингісінде!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғашы рет Times Higher Education
әлемдік рейтингісіне бірінші рет қатысып, 25 қазақстандық ЖОО-мен бірге «reporter»
(қатысушы) мәртебесімен Times Higher Education рейтингісіне енді.
Impact Rankings рейтингісі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына
(ЦУР – тұрақты даму мақсаттары) қол жеткізуде үздік университеттерді анықтайды.
Түрлі ТДМ-де жоғары жетістіктерге қол жеткізе отырып, бұл университеттер
қоршаған ортаның тұрақтылығын, әлеуметтік инклюзияны, экономикалық өсуді
және серіктестіктерді қоса алғанда, әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуін көрсетеді.
2024 жылы Times Higher Education Impact Rankings әлемдік рейтингісіне 125 елден/
аймақтан 2152 университет қатысты.

Осы рейтингтің нәтижелері бойынша Жетісу университеті ЦУР(ТДМ)-де келесі
оң нәтижелерге ие болды:
● ЦУР (ТДМ) 4 Сапа біліміне сәйкес университет Қазақстанның үздік 5
университетінің қатарына еніп, 601-800 орынды иеленді;
● ЦУР (ТДМ) 5 Гендерлік теңдік бойынша университет Қазақстанның үздік 10
университетінің қатарына еніп, 401-600 орынды иеленді;
● ЦУР (ТДМ) 8 Лайықты жұмыс және экономикалық өсу бойынша университет
Қазақстанның үздік 20 университетінің қатарына еніп, 801-1000 орынды иеленді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх