Жуырда Жетісу университетінде «Эксперименттік дизайн және деректерді талдау (R-да)» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар спикері – PhD, Молекулярлық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қанат Абайұлы.
Семинар барысында эксперименттік дизайн түсінігі; сәтсіз және сәтті эксперименттік дизайн; деректерді статистикалық өңдеу; эксперименттегі репликация, рандомизация және блоктау т. б. мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар, Қанат Ермекбаев R-studio бағдарламасымен жұмыс істеу негіздерін түсіндіріп, қатысушылар деректерді статистикалық өңдеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.