Бозкілемдегі бәсеке

15 мамыр күні Талдықорған қаласының білім беру мекемелерінің студенттері арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор кубогы үшін  Еркін күрестен жарыс өтті.

Бозкілемдегі бәсеке нәтижесінде I орынды І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы жеңіп алды. II орынды Ж.Үшкемпиров атындағы облыстық мамандандырылған спорт колледжі иеленсе, Талдықорған қаласының жоғары политехникалық колледжі III орынның тұғырынан көрінді.

Командалық жарысқа  Талдықорған қаласының 8 білім беру  мекемесінен барлығы 80 студент, 16 жаттықтырушы, 6 төреші қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына Еркін күрестен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақ елінің даңқты балуаны, Жетісу университетінің түлегі Маулен Мамыров  арнайы келіп, балуандарға сәттілік тіледі.

Жүзден жүйрік атанған спортшыларға Ректор кубогы берілді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх