«Жыл практиканты» байқауы

Жуырда бітіруші түлектер арасында «Жыл практиканты» байқауы өтті. Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру мақсатында университет деңгейінде өткен байқауға  барлық білім беру бағдарламалары бойынша түлектері қатысты. Шараны жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі ұйымдастырды.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары комиссия құрамымен бағаланып, ең үздік практика есептерінің иелері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

I-орынды   Журналистика ББ түлегі Рахимбекқызы Айнур еншіледі.(жетекшісі: оқытушы-дәріскер Есенбек Жұмағали Бейсенбекұлы).

II-орынға Биология, БҚ 411 топ түлегі Балжан Заманбекова (жетекшісі: оқытушы-ассистент Муталив Даулен), Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, БҚ411 топ түлегі Өмірғали Назым (жетекшісі: оқытушы-ассистент Кулсеитова Зауре Галиаллановна) ие болды.

Байқаудың III-орнын АЖҚ-411 топ түлегі Тоқтаған Бекзат, (жетекшісі: оқытушы-дәріскер Мурсакимова Гульжан Алтайбековна), ҚТӘ-411 топ Арайлым Темирбекова, (жетекшісі: оқытушы-дәріскер Разбекова Меруерт Тоқтасынқызы), ГТҚ-411 топ түлегі Назерке Абдикаримова, (жетекшісі: г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы) еншіледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх