II Орта Азиялық семинар өтті

І.Жансүгіров  атындағы Жетісу университетінде  маусым айының 24 – 25  күндері  Бидай Генетикасы және Геномикасы бойынша II Орта Азиялық   семинары  өтті.

Аталған ғылыми практикалық семинардың мақсаты – ЖУ базасында құрылған әлемде соңғы жылдары пайда болған «Speed Breeding» және «молекулалық селекция» сияқты өсімдіктер селекциясының замануи әдістерін  еліміздің аграрлық бағытта жұмыс жасайтын озық жеті ғылыми ордаларының ғалымдарымен теориялық және практикалық іс-шаралар арқылы бөлісу.

«Speed Breeding» (спиид бридиң)  технологиясына келсек, ол селекциялық процесстерді 6 есе жылдамдатуға қауқарлы платформа. Яғни, бұрын гибридті популяциялар даярлау үшін 8 жыл қажет болса, қазіргі таңда аталған ұзақ процесті «Speed Breeding» технологиясының көмегімен 2 жылда жасауға болады. Ең бастысы, ЖУ тек еліміз бойынша ғана емес, алыс және жақын шет елдердің  ішінде бірінші болып «Speed Breeding» платформасын орнатып, оны ғылыми мақсатта тиімді қолдана бастады.

«Молекулалық селекция» әдістері кәдімгі дәстүрлі селекциялық әдістермен сәтті ұштастырылғанда, селекциялық процесстердің дәлдігі мен жылдамдығы  артады. Семинар барысында  жоғары өткізгіштік KASP генотиптеу технологиясын қалай жүргізу керектігі көрсетілді.

ЖУ генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Қанат Ермекбаев. іс-шараны әлемнің озық ғылыми ордаларындағы әріптестерімен бірлесе ұйымдастырды.

Уоркшоптың үшінші күні, ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы  «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» базасымен танысып, болашақта бірлескен әлеуетті жобаларды талқылады.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх