Жобадағы қос жеңіс

   ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 студенттік кәсіпкерлік,
стартаптар және инновациялар ұлттық кубогында Жетісу университетінің
қос командасы жеңіске жетті. Атап айтсақ, «Enactus Zhetysu» командасы
бірінші орынның тұғырынан көрініп, чемпион атанса екінші орынды
«Enactus Zhansugurov college» иеленді. Ендігі кезекте бұл жеңімпаз
командалар осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін Enactus World
Cup 2024-те Қазақстанның намысын қорғайды. Аталмыш екі команданың да
кураторы Ерік Бейсенбеков.
   І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағсы –
Ректор Ермек Бөрібаев студенттерді жеңісімен құттықтап, әлемдік кубокқа
дайындық барысымен танысты.
   «188 команда арасындағы іріктеу кезеңінен өткеннен кейін, «Sweet
Rainbow», «Gallus» және «Silk Route» жобаларымен еліміздің жоғары оқу
орындарының 16 жетекші командасы арасында WORLD CUP LEAGUE
біріншілігі үшін лайқты бәскеге түсіп, жүлделі орындарды жеңіп алды. Бұл —
университет үшін ғана емес, Жетісу облысы үшін үлкен жетістік. Сіздерді
құттықтаймын, тәлімгерлеріңіз бен оқытушыларыңызға зор құрмет пен
алғысымды білдіремін. Сіздер әлемдік чемпионатта лайықты өнер көрсетіп,
бүкіл әлемге қазақстандық жастардың таланты мен әлеуетін
көрсететіндеріңізге сенімдімін», — деді Е.Бөрібаев кездесуде. 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх