Құлагердей тұлпарсың Ілиясым,
Әдебиетке әлемнен нұр құясың.
Сұлу сөзбен сиқырлап оқырманды,
Өсиеттеп қалдырдың жыр ұясын.
Күй өнерін көсіліп жырлайтұғын,
Еліне еңбек етіп қылмай тыным.
Білемін қанша жолын кескенменен,
Алаштың азаматы сынбайтынын.
Ән айтып, күй шертуге асық болдың,
Домбыраның үніне сен ғашық болдың.
Исатай мен Махамбеттей ерлерімнің
Орындарын тарихтағы жазып, толдың.
Бәйгелерде топ жарған тұлпардайсың,
Көк аспанда қалықтаған сұңқардайсың,
Алаштың абыройы асқақтаған
Аударма, пьеса, өлең, жыр толғайсың.
Өнерге сен секілді асық болдым,
Күй тыңдап күңіреніп тасып толдың.
Келеді жарық беріп үш бәйтерек,
Абай мен Шәкәрімнің басып жолын.
Ақсудан бастау алған бұлағың бар,
Ауылың алтын бесік тұрағың бар.
Тарихта атын мәңгі сақталады,
Өтсе де жылжып ағып жыр – ағындар.
Айгерім БАҚЫТ
М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті.