JASTAR SHYĠARMASHYLYĠY

Жастар жырлайды

Ілиясқа арнау
Жүрекке жол табады сауатты өлең,
Еңбегін ерен ердің, санап берем,
Еңбектің таза дәмі бөлек деген,
Қара өлеңнің құлагері Ілияс дер ем.

Кейбіреулер Ілиясты өлең дейді,
Өлеңдері от шашқан берен дейді,
Ал біреулер Ілиясты сәуле дейді,
Өлеңдері жүректі әурелейді.

Кейбіреулер өлеңдерін соғыс дейді,
Күреспесең шабытпен тоғыс дейді,
Демек, өлең мөп-мөлдір бір өң шығар,
Толқып жатқан толқындай терең шығар.

Ілиясты таныған бақыт екен,
Еңбектері тот баспайтын жақұт екен,
Ғасырдан ғасырларға созылатын,
Тарихтағы ұмытылмас уақыт екен.
Үмбет КАЗИМАН.
«Zhansugurov college».


 

Қазақтың мәңгі өлмейтін бәйтерегі

Жиырмасыншы ғасырдың азап таңы,
Қара түнек, қараңғылық азаптады.
Сол түнектен ап шығар күн сәулесі,
Ілиястан бастау алды азат таңы.
Жетісудың талмай жортқан құлагері,
Мұра болды күй әлемі, жыр әлемі.
Бостандық, теңдік пен, еркіндік деп,
Көгіне елдің жарқ етіп шыға келді.
Елдің мұңын жоқтады, жыр қалдырды,
Елменен бірге кешіп сұм тағдырды.
Кең даласын күйлі сөзбен күңіреніп,
Күмбірлеген күй үнімен нұрландырды.
Тұлпардайын тартып еді оза шауып,
Құлагердей құлатты тұсау салып.
Халқымның азат таңы деп жүргенде
Халық жауы атандырды жала жауып.
Қазақ үшін мәңгі биік атақ, ары,
Қазақ жауы атанды, қазақ жаны.
Қалайша қазағымның жанашыры,
Халқым деп, халық жауы атанады?
Жендеттермен тас қамал абақтыға,
Бейқадір қып, аттандырды қарап тұра.
Құрбаны боп, қандыкөз саясаттың,
Жазықсыздан ажал оғы атылуда.

Жаламенен қаралап, таптап арды
Ел жауы деп қидырған оққа жанды
Ілиястай қазағымның зиялысын
Алпысыншы жылдары ел ақтап алды
Ақ еді ол, қараймаған, дақ түспеген
Елді ертеңге сүйреген нақты іспенен
Қазақты қаймағынан айырмақ боп
Елді ерінен айырды атқыш немең
Жетісудан Ақсу болып құйылған,
Алып жырды қиыстырған қиыннан.
Қазақтың бәйтерегі емес пе еді
Азапталып қыршынынан қиылған.
Тулатып тұла бойды ой тереңі,
Сұм саясат қыспаса қайтер еді.
Тәнің өлді, ал жырың жанымызда,
Қазақтың мәңгі өлмейтін бәйтерегі.
Өзі өлсе де сөзі өлмес нар тұлғасың
Мәңгілік тарихта өшпей атың қалсын
Ізіңе ерген өрлесін «құлагерлер»
Енді ешқашан ешкім де атылмасын.
Сәрсенбай Дариға Серікқызы,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті.

 


Қара өлеңнің өлмейтін құлагері

Кесек келбет, япырым-ай жырың алтын,
Жастайынан ұғынған сөздің парқын.
Дала мен Күй, Күйші мен Құлагерім,
Тарихта қалған сенің Ілияс атың.

Самар, шешен, дарынды ділмар еді
Қайтпас, қайсар, ержүрек ердің бірі
Ақиқат пен шындықтың музасы сен,
Қара өлеңнің өлмейтін құлагері.

Сөз сүлейі, салмақты, салиқалы,
Өлеңде тұрады әркез ақын жаны.
Сыр шертетін, сырлы сөз түйдек-түйдек,
Қызыл жалын, лаулаған өшпес мәңгі.

Ақсудың ерік бермес ағыны едің,
Қорғаны едің, қорғансыз қалың елдің.
Халық үшін Абайдан кейін тұрған,
Биік едің, өр едің, заңғар едің.

Сен едің шуақ шашқан таң шапағы,
Қара бұлт торуылдап барша маңды.
Сұм заман, сұрқиялар қаптап кетіп,
Халық жауы атанды, халық жаны.

Қазақ үшін туылған алып тұлға,
Жазықсыздан жазықсыз атылдың ба?
Жалған айып мойныңа оратылып,
Өкініш пен мұң қалды жанарыңда.

Құлагер боп, топ жарып көсілдіңде,
Сыймадың-ау, арысым көк пен жерге.
Жәдігерім ұмытылмас, өшпейтұғын,
Ілияс боп сақталған ел есінде.

Сен туралы жазар жыр қыл қаламдар,
Сен туралы сыр айтар не замандар?
Сен өлмейсің, білемісің себебі

Артыңда өзің сүйген қалың ел бар.
Гүлназ ҚАБИ,
студент.


Дәуір жаршысы

Ілияс ақын жырлаған жайын елдің,
Айттым атын алыпқа лайық ердің.
Өр Ақсудың перзенті ақынымды
Күні дедім, елімнің айы көрдім.

Көрсететін тағдырын қыз баланың
Теңсіздіктен қу жүрек сыздағанын
«Мақпал» жыры — арудың өмір жырын
Оқығанда жылдарға жүз барамын

Күмбірлеткен қос ішек домбыраны,
Танытқандай өнерде бар мұраны.
«Күй» мен «Күйші»-ақынның шеберлігін
Дәуірлерге жеткізіп, ән қылады.

«Дала» жыры-тарихы ұлтымыздың,
Бет-бейнесі жұт көрген жұртымыздың.
Екі ғасыр жағдайын жырлап өткен
Ілияс – ақын жаршысы ғұрпымыздың.

Бейнелеген қазақ-қалмақ күресін,
Рүстем-ерді, қане, кімің білесің?!
Ерлік жыры — «Рүстем қырғыныменен»
Тарихына қосқан ақын үлесін.

«Кәнпеске», «Мәйек», «Қуат», «Мұз
қаласы»,
Еркін ел жолындағы жүз жарасы.
«Көбік шашқан» «Кеңес» пен «Жорық»
жырын
Ұғындырған ерлікпен түз баласы

Ақан атын танытып «Құлагермен»,
Налып ақын кеткен-ді жырақ елден.
Құлагердей аяқтан шалды ақынды
Санамызда сансыз көп сұрақ ерген.

Жазады ақын «Жетісу суреттерін»,
Табиғаттың өзіне үйреткенін.
Саф ауасы, бұлағы, сайраған құс
Әсем гүлдер, әдемі жидектерін.

Өлең-сөзі – ұрпаққа жинағаны,
Мұрасы оның лайық – сыйға бәрі.
Өрлігі мен теңдігін таныттырған
Өзіндей боп асқар шың – «Гималайы»
Меликам РАХИМЖАНОВА,
Жаркент жоғары педагогикалық
колледжі студенті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх