Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қос дипломдық білім беру бағдарламасы 2000 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Шет елдік ЖООлармен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып,жемісті жұмыс істеп жатыр. Мәселен, Польшаның
Лингвистикалық және техникалық университетіменқос дипломды білім беру бойынша ынтымақтастықорнаған. Жетісу университетінде «Қазақ тілі әдебиеті», Польша университетінде «Филология» мамандығы болып табылады. Сондай-ақ ресейлік Алтай мемлекеттік университеті мен екі бағдарлама бойынша ынтымақтастық орнаған. Жетісу универсиетінде «Экология», ресейлік университетте — «Қоршаған ортаны тиімді басқару» мамандығы бойынша оқытылады. Осы жылы Италия республикасында орналасқан Марке политехникалық университетімен өзара ынтымақтастық орнамақ.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ауылшаруашылығы бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырмақ. Яғни, Жетісу университетінің студенті бола жүріп, Италияның Марке политехникалық университетінің де студенті атануға мүмкіндік бар.
Үш жыл Жетісу университетінің базасында білім аласыз. Төртінші жылы Италиядағы Марке политехникалық университетінде оқисыз.
Марке политехникалық университеті – Италияның Анкона қаласында орналасқан, рейтінгі жоғары, беделді оқу орны. Еуропалық профессорлардан дәріс алып, әлемдік кәсіби білімге есік ашасыз. 4 жылда бакалавр дәрежесі бойынша қазақстандық және италияндық екі диплом аласыз.
2023 жылдың қазан айында Жетісу университеті Марке политехникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде қос дипломдық білім беруді үйлестіру бойынша жұмысты бастап кетті. Осы орайда Жетісу өңірінің аграрлық аймақ екенін ескере отырып, университет «Агрономия» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Марке политехникалық университеті өз кезегінде ауылшаруашылық ғылымдары мен технологиялары мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын ұсынды. Кейіннен білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын талқылап, 2024 жылдың сәуір айында қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Қос дипломдық бағдарлама бойынша оқыту толығымен ағылшын тілінде болады. Қос дипломдық бағдарламаның 3-курсында немесе 4-ші курсты аяқтағанда, студенттер Марке политехникалық университетіне барып, бір семестр оқиды.
Қос дипломды бағдарлама бакалавриат деңгейінде жүзеге асырылады. Дегенмен, біз қазір университетіміздің базасында осы университеттің филиалын ашу мәселесін шешіп жатырмыз. Себебі, филиалдың ашылуы білім беру бағдарламаларының ауқымын кеңейтуді көздейді.
Марке политехникалық университетінің білім беру бағдарламаларын зерттедік, олардың экономика факультеті жеткілікті түрде дамыған. Сондықтан «Халықаралық экономика және кәсіпкерлік» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын ашу мақсатында
ынтымақтастықты одан әрі жалғастырмақ.
Өйткені олардың қос диплом бойынша тәжірибесі бар. Біздің университетте магистранттар «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Сондай-ақ «Экология, қоршаған ортаны қорғау инженериясы» қос дипломдық бағдарламасын үйлестіруге болады.
Шартқа сәйкес италиялық ғалымдар жыл сайын бізге келеді. Ал біз қазір 2024-2025 оқу жылында келетін ғалымдардың нақты тізімін талқыладық. Бұл білім беру бағдарламалары бойынша «Энтомология» және «Жеміс шаруашылығы» бағыттары бойынша екі негізгі пәнді оқытатын ғалымдар, PhD докторлары.
Талқылаған шарттарға сәйкес, қазіргі уақытта студент оқу ақысын өзі түскен университетте төлейді. Сондықтан біздің университетке қос диплом бағдарламасына түсетін Студенттер мемлекеттік білім беру грантын алу барысында оқу ақысын төлейді немесе бұл біздің университет белгілеген құн бойынша шаруашылық келісім-шарт болады. Екінші оқу орны, яғни итальяндық университет өз білімін тегін ұсынады. Бұл ретте университет біздің студенттердің тіркеу жарнасын өз есебінен төлейтін болады. Қос диплом бағдарламасына түскен әрбір студент тек бір рет, бір университетке оқу ақысын төлейді, бірақ екі диплом алады.