Z ұрпақ пен X ұрпақтың айырмашылығы неде?

X, Y, Z… Бұл – әр заманда бір-бірін алмастырған ұрпақтар буынының шартты атауы. Х ұрпақтары — 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Х ұрпақтың басты құндылықтары – өзгеріске дайындық, таңдау мүмкіндігі, индивидуализм, ғұмыр бойы оқуға әзірлік, жа­ңа эмоция іздеу, прагматизм, өзіне ғана сену. Бұл ұрпақ  әр нәрсенің санына емес, сапасына мән береді.  Х ұрпағы өкілдерінің арасындағы ата-ана болып отырғандардың көбі үшін отбасы – балалары мен қарт ата-анасы – бірінші орында, ал карьера – екінші кезекте. Өте сабырлы, төзімшіл болып келеді.  Дегенмен X ұрпақтар бір шеңберден шыға алмайды. Яғни, тәуекел жасауға бара бермейді. Олар үшін онлайн түрде жұмыс істеу дұрыс емес сияқты көрінеді. Бұл ұрпақ “ ұят болады” деген ұғымға сүйенеді. Басқа адамдардың ойы қарайды.  мен көп санасады.

2003 жылдан кейін туылғандар Z ұрпағына жатады. Олар ең алдымен білім алуға, мансап құруға немесе өз ісін ашуға бағытталады. Отбасының құндылығы, өкінішке орай екінші орында.  Жастардың басты құндылықтарының бірі — қозғалыс бостандығы. Мамандық таңдаудағы маңызды критерий — қашықтан жұмыс істеу немесе таңертеңнен кешке дейін кеңседе отыру. Яғни, ақшаны оңай жолмен табу жолдарын іздестіреді.

Екі буынның айырмашылығын көру үшін кішігірім сауалнама жүргізілді.

Кез келген мәліметті, ақпаратты қайдан алғанды жөн көресіз?

Қасым Мерей, университет түлегі:

  • Қазір ғаламторда бәрі бар ғой, сол үшін ғаламтор арқылы ізденіп, қараймын.

Аубакиров Есен, қала тұрғыны:

  • Жанымдағы адамдардан сұраймын немесе ұялы телефоннан көремін.

Сіз үшін жұмыстағы басты қритерий  қандай? 

Қасым Мерей, университет түлегі:

  • Әрине ол жұмыстың жайлылығы және жалақысы. Тағы маңызды критерий ол жұмыс кестесі, маған ыңғайлы болса болды. Жайлылық пен жалақы бірінші орында деп ойлаймын.

Аубакиров Есен, қала тұрғыны:

  • Басты талап ол жалақы. Жалақысы жақсы болса және жұмыс тәртібі  таңнан кешке дейін болса жақсы.

Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Қасым Мерей, университет түлегі:

  • Телефон қараймын. Көбінесе «TikTok» желісін қарап жатамын. Кешке жақын, далаға шығып серуендеп қайтамын.

Аубакиров Есен, қала тұрғыны:

  • Демалысымды әйеліммен бірге бақшада өткізгенді ұнатамын немесе теледидар көремін.

Жетістікке  жету үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Оқудың маңыздылығы қандай?

Қасым Мерей, университет түлегі:

  • Әрине жұмыс істеу керек. Бір орында отыра бермеу керек. Оқудың маңыздығы бар. Оқу керек, бірақ қазір оқусыз да көптеген жетістіктерге жетуге болады. Мәселен онлайн отырып та жұмыс істей болады. Интернет арқылы қаншама адам табысқа жетіп жатыр. Сол үшін оқымасан да табысқа жете аласың деп ойлаймын.

Аубакиров Есен, қала тұрғыны:

  • Еңбектену керек, оқу керек. Оқыған адам үлкен табысқа жетеді. Жақсы университетке түсіп, өзіңе жақын маман иесін оқу керек. Мен оны бала кезінде түсінбедім, қазір оқудың маңыздылығын сезініп жатырмын. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», — деп Абай атамыз босқа айтпаған ғой. Еңбектеніп, оқып, жұмыс істеуіміз керек.

Өмірдегі ең басты нәрсе сіз үшін не?

Қасым Мерей, университет түлегі:

  • Менің ойымша бірінші ата – анамның амандығы. Тағы бір бастысы ол өмірдегі орнымды табу. Өз орнымды тауып, жақсы жұмыс орнына тұру.

Аубакиров Есен, қала тұрғыны:

  • Мен үшін балаларым, отбасым. Осы өмірде отбасым аман болса болғаны. Немере, шөберелерімді көріп кеткім келеді. Отбасым менің барым, ең жақын адамдарым. Олар үшін мен бәріне дайынмын.

 

Жас буын барлығын жеңіл қабылдайды. Олар жоспарлауды ұнатпайды, қазіргі сәтте барлығын алып қалуды қалайды. «Саяхаттап, ел-жерді көріп өмір сүруге болады» деп топшылайды. Өмірден ләззат алуды мақсат етеді. Бұл ұрпақ жаңадан шығып жатқан инновация, технологияға жақын. Логикалары шапшаң, олар көп прогресс әкелуі мүмкін. Олардан көп дүние үйренуге болады. Біраз жағдайдың дұрыс екенін сезеді және оған басқаларды үйрете алады. Бұл ұрпақ үшін шектеу жоқ. Олардың ойынша барлығын жасауға болады және олар өздеріне сенімді. Олар үшін өзі басты орында. Ал үлкен ұрпақ өзің ғана емес, отбасысын қатты ойлайды. Өмірде шектеу бар секілді.  Дегенмен үлкен буын өте саналы, еңбекқор, төзімді болып келеді. Олардың  жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет  атқарып, тұрақтылықты қалайды.

Сіз бұл жайлы не ойлайсыз?

ЖПҚ-411 топ студенті, Аян Айдарқызы

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх