Ғылыми семинардың берері көп

Жуырда Жетісу университетінде «Эксперименттік дизайн және деректерді талдау (R-да)» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар спикері – PhD, Молекулярлық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қанат Абайұлы. Семинар барысында эксперименттік дизайн түсінігі; сәтсіз және сәтті эксперименттік дизайн; деректерді статистикалық өңдеу; эксперименттегі репликация, рандомизация және блоктау т. б. мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, Қанат Ермекбаев  R-studio бағдарламасымен жұмыс істеу негіздерін түсіндіріп, қатысушылар деректерді статистикалық өңдеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх