Өзіңе киелі жыр таға болды,
Бір қара көп ішінен дара келді.
Тартқызған дүйім жұрттың демін ішке,
Құлагер – тұлпар едің адам өңді.
Қызылаш тұлпардаймыз тұрған арып,
Қазақта емес бүгін жырға қарық!
Құлагер келіп бір күн су ішердей,
Ақсу да күтіп жатыр тулап ағып…
Өлеңде тақырыпқа жақын келген,
Ер жігіт, қарт ақынның жасын көрген.
Туған ел Талдықала кіндігінде,
Ел-білім ордасынның атын берген.
Ұлы ғой кеткен жырың сенің жазып,
Жан жүдеп жатқан сәтте көңіл де азып.
Адассам көкке қарап жол табамын,
Ілияс Жансүгіров – темірқазық.
Есіміңді қазағың аспандатып,
Жырыңа өз үлесін қосқан уақыт.
Өлеңіңді оқып жүр, оқылады!
Күллі қазақ тастамай жастап жатып.
Айналдым ұлт деп өткен азаматтан,
Өтірікпен өсектен таза жатқан.
Ақанның Құлагерін Қазақ танып,
Оғын да ақырғы сәт Қазақ атқан.
Кеше гөр!
Ұлы ақыным кетсем ағат,
Дестелі маржан сөзің көпке ғажап.
Қол жайып күбір-күбір дұға қылам,
Жыр үшін, пырақ үшін көкке қарап.
Балтасын Батыраштың байқамадың,
Бірақ та бебеуледі байтақ әнің.
Құлагерді қалдырдың хатқа жазып,
Тағдырын құлагердің қайталадың.
Жүйрігім оқ құшақтап кетпесе енді,
Қайтарам өзгелерге кетсе есемді.
Қара өлеңнің шырағын сөндірмейміз,
Зеңгірден көзіңді сал, сөкпеші енді.
Ақын!
Арсен Қазтай
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті.
I was looking through some of your content on this site and I
conceive this internet site is real instructive! Keep posting.Raise blog range