Құлагер ақын (Ілияс Жансүгіровке арнау)

Ұрпағыңа мұра болып берілген
Қалды артыңда ерен еңбек, жыр ұлы.
Ешқашан да өшпек емес көңілден
Сен қалдырған Құлагердің дүбірі!

Жатпасаң да рахатпенен той көре,
Бола білдің сен қазаққа жақын шын.
Халқы үшін басын тіккен бәйгеге
Өлеңдегі сен Құлагер ақынсың.

Әлем көріп кеңге қанат жайғанын,
Ел көгерсе, асыл ерлер арқасы.
Ер мінезбен шабысыңнан таймадың,
Тиседағы Батыраштың балтасы.

Көп бөлінген көлеңкелі тұстармен,
Өлең өмір, мұң өрілген ғұмырың.
Сенен кейін қанша қыран ұшқанмен,
Өзгелерден биік қонар тұғырың.

Жүре білген бабам салған жолменен,
Қалды артыңда ұмытылмас зор үлгің.
Тағылса да, жалған айып көлденең,
Табанына тапталмадың тобырдың.

Кешкен бастан талай жыл мен сан айды,
Тарих болып тербеледі жыр бесік.
Сен қалдырған тұрар соқпақ талайғы,
Ұлы дала топырағымен үндесіп.

Даулы кезде сендер жазған жыр болып,
Бұл қазаққа түскен шығар сый көктен.
Қилы заман шырмауына шырмалып,
Өткен ерлер күллі өмірі бейнетпен.

Мұңды зарды естіп талай жалғаннан,
Шабуыңа қамшы болды-ау сол бір ән.

Өткенменен болашаққа жалғанған,
Қалды артыңда ұмытылмас зор мұраң!

Жолдасбеков Мейіржан
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік
университетінің студенті

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх