Жетісу университетінің Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның
білім беру гранттары негізінде бітіруші түлектері ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы
Қобылан Манаппен кездесті. Кездесу барысында І. Жансүгіров атындағы
Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев
түлектерді жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.
Жиынға барлық жоғары мектептерден 300-ге жуық бітіруші түлек қатысты.
Кездесу барысында Қобылан Тоқбергенұлы мемлекеттік қызметке орналасу
үшін қандай талаптар қойылатындығы, қай өңірде қызмет ете алатындығы
және басқа да мүмкіндіктер жайлы айтып өтті.
Түлектермен ашық сұхбаттасып, білім беру гранттары негізінде бітіретін
түлектерді өз кезегінде жұмысқа қабылдауға дайын екендігі туралы
мәлімдеді.