ЖУ студенттері – Азия чемпионы!

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті БАӘ астанасы
Абу-Даби қаласында өткен Азия Чемпионатында топ жарды.
«Дене шынықтыру және өнер» жоғары мектебінің 2 курс студенті Сарсенұлы
Самат (ересектер арасында) Джиу-джитсудан 56 кг салмақ дәрежесінде І
орынды қанжығалап қайтты.
Самат — Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қ.Р чемпионатының бірнеше
дүркін жеңімпазы, ересектер арасында Әлем чемпионы және 2-дүркін Азия
жеңімпазы, Халықаралық Paris «Grand slam» турнирының жеңімпазы.
Жапондық жекпе-жек өнерінің бір түрі – Джиу-джитсумен 2017 жылдан бері
айналысып келеді.

«Елімізде жастардың джиу-джитсуге деген қызығушылығы артып, соңғы
жылдары бұл спорт түрі қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстанда Джиу-
джитсудың дамуына біздің университет спортшыларының да қосып жатқан
үлесі бар» — дейді Саматтың жаттықтырушысы Тимур Сыдықов.
Аталмыш жарысқа 30-мемлекеттен 1500-ден аса адам қатысқан.
Жуырда Өзбекстан республикасы Ферғана қаласында әмбебап жекпе-
жектен (Унифайт) 18-20 жас және ересектер арасында Азия Чемпионаты
өтті.
Азия Чемпионатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
«Құқықтану» білім беріу бағдарламасының студенттері еліміздің көк туын
көкке желбіретті.
Алтын медаль иегері Мухаммед Нурболатов Азия чемпионы атанса,
Семейбекұлы Дінмұхамед III орынның тұғырынан көрініп, Қола медальды
мойнына тақты. Дінмұхамед әмбебап жекпе-жек спорт түрінен 2023 жылы
әлем чемпионы атанған болатын.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх