— Амангелді Камалұлы, Сізбен жүздескеніме өте қуаныштымын!
Сұқбатымызды өмір жолыңыздан бастасақ?
— Мектеп бітіргеннен кейін 1968 жылы Қостанай облысындағы Қостанай
мемлекеттік педагогикалық инстетутында Тарих мамандығын тәмамдадым.
Араға екі жыл салып, асперантураға 1970 жылы КазГу университетіне түсіп,
1973 жылы Тарих ғылыми кандидатын қорғап шықтым. Оқуымды аяқтаған
соң, қайтадан Қостанайдағы педагогикалық институтына мұғалім болып
келіп, жобамды қорғап, өзім бітірген Тарих факультетінің деканы болып
сайландым. Осы салада 10 жылдай қызымет жасап, 1987 жылы, осыдан 37
жыл бұрын, Талдықорғанға қоныс аудардым. Қазіргі таңда өзіміздің
университетте 35 жылдай қызмет жасап, партия ұжымын басқардым.
— Ғылым саласына қалай келдіңіз?
— Ғылым саласына қалай келгенімді айтар болсам, Қостанайда оқып
жүргенде 1966 жылы, ол уақытта кеңес заманы ғой, Мәскеу ұйымдастығы
қоғамдық ғылымдар мәселелері бойынша бүкілодақтық Халықаралық жастар
қозғалысындағы ВЛГС тарихы бойынша байқау ұйымдастырды. Мәскеуде
жариаланған бұл байқауға барлық социалистік елдерден Кеңес Одағы, шығыс
қала және Польша, Венгрия, Моңғолия қаласы бойынша барлық
мемелекеттiрдiң студенттерi қатысатын болды.
Бірінші кезеңі өзіміздің Казахстанда өткізілді, сол кезде менің қорғаған
тақырыбым «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қостанай комсомол
жастары». Осы жобамен біздің институт алғашқы кезеңнен өтіп, Алматыға
жол тарттық. Алматыға келгеннен кейін тақырыбымызды тағы бір қорғап,
екінші кезеңді де сәтті аяқтадық. Сонымен 1967 жылы Желтоқсанда
қорытынды кезеңі Кеңес өкіметіне 50 жыл толуына орай ұйымдастырған
конференция болды. Ленинградта қорытынды жиналыс өтті. Осы айтылған
жиналысқа қатысып, содан бастап ғылыми жұмысқа қызығып, айналыса
бастадым.
— Жазған ғылыми еңбектеріңіздің ішінде сіз үшін орны бөлек,
жаныңызға жақыны бар ма?
— Бар! Мен аспирантура бітіріп келгеннен кейін өз мамандығым бойынша
Тарих кафедрасында орын болмай, мені философия кафедрасына жіберген
болатын. Сондықтан осы күнге дейін мен философиядан сабақ бердім. Осы
салада зерттеген «Проблема бытия» атты бір монографиям бар, яғни адам
болмысы жайлы. Міне осы ең жаныма жақыны.
— Бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
— Көбіне таза ауа жұтып серуендегенді, кітап оқығанды жақсы көремін.
Кітап – ең құнды қазына. Жас келе кітаптың беретін дүниесі өте көп екенін
түсіне бастайды екенсің. Сол себептен де кеш болмай тұрып, жастар көбірек
кітап оқыса деймін… Жалпы, өзім соңғы уақытта психология туралы көп
оқып жүрмін. Психология ғылымы қазір жақсы дамып келе жатыр. Біздің
заманымызда психология болмады. Кітап оқуға қазір барлық жағдай
жасалған ғой.
— Сіз сүйіп оқитын кітап?
— Мен Абайды оқығанды жақсы көремін. Бірнеше мәрте қайталап оқи
беремін, мен үшін әрдайым қызық. Абайды оқығанда көңілің тынышталады,
табиғатты, салт-дәстүрді, бұрынғы заманды суреттеп жазғанын оқығанда
жаның тебіренеді.
— Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
— Мұғалім болу, үйрету. Мен студенттерді өте жақсы көремін. Мұғалім болу
үшін ең бастысы – балаларды жақсы көру қажет. Студенттер де мені жақсы
көреді, сыйлайды, сабақтарымыз әрқашанда еркін, қызықты өтеді. Мен үшін
ең бастысы – осы!
— Артыңыздан ерген жас буынға берер кеңесіңіз?
— Оқы! Оқы! Және оқы! Адамдық құндылықтарды жоғалтпау және де ең
бастысы жастарға айтарым – адал болыңыздар.
— Алтын уақытыңызды бөліп, сұқбат бергеніңізге алғыс айтамын. Сізге
қажымас қайрат пен мықты денсаулық тілеймін!
Әңгімелескен Нұрила КАРИМАНОВА,
ЖҚ-412 топ студенті.