NEET жастар неге көп?

Ел дамуын тежейтін елеулі фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы.
Мемлекет тарапынан жастарды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше
бағдарлама бар. Алайда жыл өткен сайын NEET жастар саны көбеймесе,
азаяр емес. (NEET — жұмыс істемейтін, білім алу немесе кәсіби
даярлықпен айналыспайтын және білім беру жүйесі мен жұмыспен
қамту саласынан тыс жастардың бөлігі.) Биыл Қазақстанда
Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген
жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен.  Жұмыссыздық санын қажетсіз
мамандар қатары да арттыруы мүмкін. Мәселен, кейде талапкерлер еңбек
нарығын зерттемей, сұранысы  төмен мамандықтарды таңдайды. «Бүгінгі
күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары?», «Қазаққа мына заманда қандай
мамандық қажет?» деген сұрақтарға бас ауыр¬тып жатпайды. Ал ата-ана
болса «балам, әйтеуір оқып, қолына дип¬ломын алса болды, әрі қарай көре
жатар¬мыз» деп ойлайтыны рас. Осыған байланысты мәжіліс депутаты
елімізге экономисттер немесе заңгерлер керек емес,  еліміз IT гидролог,
гидрогеолог, сейсмолог, мамандарға мұқтаж дейді. Мамандықты
таңдағанға дейін, жастар жұмыс нарығын зерттеп, қай мамандыққа
сұраныстың жоғары болатынын алдын ала біліп алуы керек. Ал ең
бастысы бұл өзіңіз сүйіп таңдаған мамандығыңыз 4 жыл оқып, тек диплом
алу емес, сол саланың нағыз білгір маманы болып, қызмет ету.
Олай болса, дипломның маңыздылығы неде? Президентіміз Қасым-
Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бір дипломым – бүкіл өміріме азық» деген
ұстаным ескірді. Әрбір адам еңбек нарығына қажет қабілеттерді меңгеріп,
заманға бейімделе алса, әрдайым сұранысқа ие болады», – деген пікірімен
толық келісемін. Бір дипломның айналасында өмір бойы тоқтап қалмай,
керісінше жан-жақты өз бағыңызды сынап, әрекет еткен жөн.
Қазіргі дамыған заманда адам өз икеміне, өз қабілетіңе қарай жұмыс
жасаған дұрыс. Қолыңыздан келетін дүниені дөңгелетіп әкетіп те ақша
тапса болады. Мәселен, тігін саласы, beauty (бьюти), кондитерлік өнімдер,
сыйлықтарды безендіру сияқты интернет арқылы үйде отырып табыс табу
көздері өте көп. Ебін тапқан, қолынан іс келетін адамға жұмыс жоқ емес,
бар.
Осындай шағын және орта бизнеспен айналысқысы келетіндерге
мемлекет тарапынан да қолдау бар.
Елімізде Үкімет тарапынан шағын және орта бизнеске 100-ден астам
қолдау көрсетілген. Оның ішіне қомақты сомадағы субсидиядан бастап,
қарапайым мамандардың консультациясына дейін кіреді. Мысалыға ауыл
шаруашылығын алайық: «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл
шаруашылығы саласындағы бизнесмендерге арналған 2,5 пайыздық несие
бар. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелер субсидияланып жатыр.

Бұдан бөлек, 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2 млн 580 мыңнан 5 млн
теңгеге дейін қайтарымсыз грант берілуде. Ұлттық экономика министрлігі
алайда мұндай қолдаудың сұрауы бар дейді. Қайтарымсыз болғанымен
оның да сұрауы бар. Яғни, грант алушы оны мақсатты пайдалануы керек.
Және де өзіне қабылдаған шарттарды орындауы керек. Орындамай жатса,
ол қаражатты бюджетке қайтаруға тиесілі болады.
Тағы бір айта кететін жайт, дипломның да өз құндылықтары бар, қандай
сала болмасын сіздің жылдар бойы оқыған біліміңіз ешқашан да зая
кетпейді. Дипломыңыз сіз үшін әрдайым қорғаныш жастығы болады.

Нұрила КАРИМАНОВА,
ЖҚ-412

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх