XXI ҒАСЫР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар
қатысты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академик Қаныш
Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «XXI ҒАСЫР: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ИННОВАЦИЯ» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Шара шымылдығы «Абзал адам, ғұлама Ғалым» атты кітап көрмесімен ашылды. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қоры ұсынған ғалым Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі, еңбектері жайлы
монографиялары, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары, т.б
жинақтарынан материалдар қойылды.
Сондай-ақ конференция басында «Жас Ғалым» және «Жетісу Стартап»
байқауларының қорытындысы бойынша жас ғалымдардың көрмесі өтті. Онда 30-ға жуық ғылыми әзірлемелер мен инновациялық жобалар қойылды.

Ғылыми-практикалық конференция пленарлық отырыспен жалғасты.
Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев кіріспе сөзінде Қаныш Сәтбаев тек өз ұлтының ұлы перзенті ғана емес, есімі күллі әлемге танымал
көрнекті қазақ ғалымы екенін атап өтті.

«Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі Үлкен Жезқазған әлемдік
деңгейдегі түсті және сирек металдардың бірегей қорлымен, Қазақстан Ғылым академиясының құрылуы және оның атымен аталған геологиялық ғылымдар институты сияқты ұлы жетістіктермен байланысты. Шын мәнінде,
оның есімі Қазақстан Республикасының ХХ ғасырдағы өнеркәсіптің, ғылым мен мәдениеттің дамуы мен қалыптасу тарихының ажырамас бөлігі іспетті, —
деді Ермек Бөрібаев.

Пленарлық отырыста АҚШ-тың Эль Пасодағы Техас университеті,
Италияның Камерино университеті, Ресейдің Смоленск мемлекеттік
университеті ғалымдарының баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, Астана
қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу
университеті, С. Демирель атындағы университет және І. Жансүгіров
атындағы Жетісу университеті сияқты отандық ғалымдар баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық конференция «Заманауи жаратылыстану-ғылыми
білім және оның даму перспективасы», «Ғылым, техника және ақпараттық
технологиялардың дамуы», «Құқық, экономика және басқару саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер» тақырыптарындағы секциялық отырыспен
аяқталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх