Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-
оқытушылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық
ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұқбатын
талқылады. Жиынға университеттің қызметкерлері, оқытушы-
профессорлық құрамы, Бақ өкілдері қатысты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан»
газетіне берген салиқалы да көлемді сұқбатын бәріміз оқыдық. Бұл
өткенге әділ баға беріп, елдің алдында тұрған маңызды міндеттерді
межелейтін, мемлекет басшысының қоғаммен ашық диалогы деп ұқтық.
«Медицина қызметкерлерінің, мектепте, колледжде және балабақшада
жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға
қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық
көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі
жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды» – деп әлеуметтік мәселені
алға тартқан сөзінде үлкен мән жатыр. Мемлекет басшысы әр жолдау, әр
сұқбатында білім мен ғылымды, педагогтердің әлеуметтік мәселесін
назардан тыс қалдырмайтындағын аңғаруға болады – деді университеттің
жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор Болат Сериев.
Тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Тыныстанова сұқбатта сөз
болған Конституциялық сот туралы пікір білдірді.
«Конституциялық сот – ел азаматтарының конституциялық құқықтарының
қорғалуының кепілі әрі Ата заңымыздың ережелерінің мүлтіксіз орындалуын
қадағалайтын орган. Конституциялық соттың қайта қалпына келтірілуі аса
қажетті бастама. Бұл – әділетті Қазақстанды құру кезеңінде құқықтық
мемлекетті қалыптастыру жолындағы нық қадам» – деді тарихшы ұстаз. Ол
сондай-ақ, Сот пен кеңестің айырмашылығын айтып, құзіреттілігін
түсінідіріп берді.
«Кең көлемді сұқбатта барлық сала қамтылған. Еліміздің сыртқы
саясатындағы көршілес елдермен қарым-қатынастың маңыздылығы
айтылған. Мәселен, Қазақстанның бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға
төрағалық ететіндігі қуантады. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаттағы
рөлі әрқайыссымыз үшін маңызды — деді Сайлау Қожағұлов.
Жиында психология ғылымдарының докторы, профессор Хапиза
Наубаева, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Амангелді
Катенов, құрметті профессор Болат Молдабеков өз ойларын ортаға
салды.
Автор: Әйгерім Иебекова