ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы ел  дамуының бағыт-бағдарын бағамдап, жаңа міндеттер жүктеді.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі деп әркез еске салатын мемлекет басшысы бұл жолы да жас өскелең ұрпақты назардан  тыс қылдырмады.  Мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы сөз болды. Алдағы уақытта  ұлт болашағының білім сапасын арттыру үшін 400-ге жуық мектеп салынатындығы  қуантарлық жайт.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Адамзат баласының бүгінге дейін қол жеткізген ұлы игіліктерінің барлығы – білім мен оқу арқылы жасалған.

Мемлекет басшысы алдағы 2024 жылдан бастап кәмелет жасқа толмаған балалардың атына арнаулы шот ашылып, қаржы түсіп отыратындығын тағы да түйіндеп айтты. Бұл да жас өскелең ұрпақ үшін үлкен қолдау.

Жолдаудан ел күткен маңызды міндеттердің бірі тұрғын үй мәселесі болды. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардан ғана емес, моноқалалар мен аудандарда «Отбасы» Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкінің қызметін қайта қарау мәселесі сөз болды. Бұл жергілікті жерлерді көркейтуге, дамытуға бағытталған, жастарға пайыздық көрсеткіші де төмен бағамен тұрғын үй алу мүмкіндігін арттыруды көздейтін дұрыс шешім.

«Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар» –  деп мемлекет басшысы өз сөзінде айтып өткендей, бұл жолдау жастарға тың серпін берері сөзсіз.
 
Болат СЕРИЕВ,
Жетісу университетінің
Басқарма мүшесі-жастар
саясаты жөніндегі проректор.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх